Қызым, асыл гүлім, арайлым
Шаңырақтың кіргізіп тұр шырайын
Сол құлыным бой жетіп бір қалыпта,
Ақ батамен ұзатайық, ағайын!
Бір үйдің алтыны еді еркелеткен.
Бір үйдің қызыл гүлі өсіп жеткен,
Ақ құсым ұясынан ұшқалы отыр,
Ұзатамыз бата беріп, салтанатпен.